- Басты
- «Нұрлы жол» жол картасы Қазақстан халқына батыл және дұрыс мақсат қояды – шетелдік сарапшы
«Нұрлы жол» жол картасы Қазақстан халқына батыл және дұрыс мақсат қояды – шетелдік сарапшы

Атап айтқанда, неміс депутаттарының пікірінше, Жолдаудың қағидалары жағымсыз сыртқы қауіптің салдарын жеңіп шығу жолында және мемлекеттік Стратегия - 2050 мақсаттарын жүзеге асыруда Қазақстан Үкіметіне сенімді «жол картасы» болмақ. Неміс депутаттары Жолдаудың уақыттылығын, бірегейлігін және айқындығын атай отырып,оның жүзеге асыуына жан-жақты қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.
«Мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың мәтінімен аса қызығушылық таныта отырып таныстым. Қазақстанның дамуында жастардың білім алуына және инфрақұрылымға инвестиция тарту басты назарда болу керектігіне келісемін. Адамның қажеттіліктеріне бағытталған Қазақстанның Жаңа экономикалық саясаты экономикалық гүлденуге және халықтың табысты әрекеттестігіне әсер етеді. Қазақстан жинақтаған қорына байланысты, келесі әлеуметік-экономикалық серпін алу үшін,тұрақты жағдайда.Жолдауда көрсетілген мақсат пен міндеттерді орындауда сәттілік пен табыс тілеймін», - деді Еуропа Кеңесінде ГФР парламенттік делегациясының басшысы, Бундестагтың депутаты Аксель Фишер.
«Ғаламдық саяси тұрақсыздығының өсуіне орай, Қазақстан өз бюджетін және инвестициялық саясаттын қосымша қарастырғандығы өте жақсы. Қосымша шығындардан бас тарту және табыстарды Ұлттық қорға жинақтау қолайлы уақытта дұрыс шешім болды.
ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрменің Астанада өткізілуі ел үшін маңызды, себебі 2000 жылы Германияға сияқты, әлемдік қоғамдастықтың назары Қазақстанға бағытталатын болады. Осыған байланысты,жаңа құрлыс терминалдарын салу арқылы астаналық әуежайдың ауқымын кеңейту өтедұрыс шешім болып табылады және ұшып –қону айғызының құрылысы көрсетіледі, әрине ұзақ мерзімді инвестициямен байланысты. Бұл инвестициялар Астананы Қазақстанның сырттың аймақтарымен жалғауыш автомобилдік және әуежолы магистральдарына, теміржолдарға тиеді», - деді парламенттік халықаралықжәне қауіпсіздік комитеттің мүшесі, Бундестагтың депутаты Карин Штренц.
Оның пікірінше, кіші және орта бизнесті қолдауға арналған тезис, соның ішінде несие беру мен жаңа жұмыс орындарын ашу туралы сөз болады. Германияда кіші және орта бизнес ел экономикасын дамытудың локомативі болып табылады. «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына батыл және дұрыс мақсат қояды.
-
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек
-
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында
-
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы
-
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция
-
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар
-
COVID-19: Қызыл аймақтағы өңірлер, «Ashyq» пилоттық жобасы және вакцинациялау мәселелері
-
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ
-
Жеке деректері қорғау, WebTotem қызметі және ЭЦҚ мәселелері
-
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
-
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді
-
Қазақстан экономикасын цифрландырудың жаңа міндеттері
-
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы
-
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері
-
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ

