- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру елдің экономикалық өсімін қамтамасыз етеді – Бисенқұлов
«Нұрлы жол» Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру елдің экономикалық өсімін қамтамасыз етеді – Бисенқұлов
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Б. Бисенқұлов Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық топ құрамымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Берік Бисенқұлов сапарының бірінші күнін Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамымен кездесуден бастады. Онда Мемлекет басшысының Жолдауына ауқымды түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жедел криминалистикалық басқармасының, Жол-патрульдік полиция полкінің,Кинологиялық орталықтың қызметі және жұмысымен танысты. Министрдің орынбасары Әл-Фараби және Қаратау полиция бөлімдерінде, ОҚО ІІД Шымкент қаласы ІІБ-нің бірқатар учаскелік пункттерінде болып,ауданның белсенді азаматтарымен кездесіп, қоғамдық кеңестердің жұмыстарымен танысты.
Жеке құраммен кездесулерде ол құқыққорғау органдары қызметіне қатысты мәселелерге, атап айтқанда, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қылмыстық әрекеттерден қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, сондай-ақ қоғаммен өзара әрекеттесу, халықты құқық бұзушылықтардың алдын-алуға тарту, азаматтарды, әсіресе, жастардың құқықбұзушылыққа деген «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мәселелеріне жеке тоқталды.
«Қылмыспен күрес, құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында аса өзекті. Жолдау ережелерін іске асыру барысында ІІМ-нің барлық жүйесі заңдылықты нығайту мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруға бағытталған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері алға қойылған жоспарларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосады деген сенімдемін, - деп өз сенімін білдірді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Бисенқұлов әріптестерінің алдында.
«Нұрлы Жол» экономикалық саясаты» даму импульсін барлық аймақтарға бағыттауға және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жолдауда Президент берген нұсқаулардың ерекшелігі, олардың осы қиын кезеңді еңсеріп қана қоймай, Қазақстан әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуіне ықпал ететін еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етеді», - деп көрсетті өз сөзінде Ішкі істер министрінің орынбасары.
Сонымен бірге, жағымсыз экономикалық болжамдарға қарамастан, Елбасы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде қамтамасыз етуді тапсырғанын атап көрсетті.Министрдің орынбасары азаматтарды қабылдап, өңір тұрғындарының жекелеген проблемаларымен танысып, азаматтарды толғандырып жүрген мәселелерді тездетіп шешу бойынша тиісті органдардың басшылығына тапсырмалар берді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы