- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: «Нұрлы жол» - бұрыннан ойда жүрген идея, ол бірнеше ұрпақтар бойы жалғасатын бағдарлама
Н.Назарбаев: «Нұрлы жол» - бұрыннан ойда жүрген идея, ол бірнеше ұрпақтар бойы жалғасатын бағдарлама

«Нұрлы жол» тек қана теміржол мен автокөлік жолдарды ғана емес, электр желілерін де қамтиды. Бұл ретте жаңа электр стансалары салынбақ. Бұдан бөлек, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы дамиды. Бір сөзбен айтқанда біз 2007-2009 жылдардағы дағдарыста тәжірибе жинақтадық. Бүкіл әлем мойындап, жақсы деп бағалаған дағдарысқа қарсы бағдарлама бізде болды. Біз бұл жолы сол тәжірибені пайдаланып қана қоймай, оны толықтырдық. Мәселен, шағын және орта бизнесті алып қараңыз. Жұмыс орнын ашатындар солар. Сондықтан да, «Нұрлы жол» бағдарламасы бұл бұрыннан ойда жүрген, ол бірнеше ұрпақтар бойы жалғасатын жоба», - деді Н. Назарбаев.
Елбасы 1926-1931 жылдары салынған Түркістан-Сібір магистралін мысалға келтірді.
«Бір кездері салынған Түрксіб әлі жұмыс істеп тұр. Біздің бүгін салатын жолымыз жүз жыл бойы ел игілігіне қызмет етеді. Бұл біздің келер ұрпаққа жасайтын ең қайырлы істеріміздің бірі болмақ», - дейді Президент.
Жаңа экономикалық саясат аясында Қазақстанда ондаған жаңа кәсіпорындар ашылады. Мемлекет басшысының айтуынша, өңдеуші өнеркәсіптердің басым бөлігі отандық ауыл шаруашылығы саласына тиесілі болмақ.
«Біз осы бағытта ондаған зауыттар саламыз. Соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу бағыты ерекше. Ендеше, барша халық осы «Нұрлы жол» бағдарламасында қамтылғандарды орындауға жұмылуымыз керек. Нәтижесінде мен көптеген жұмыс орындарының ашылатынына, жаңа тауарлар шығарылатынына, осы арқылы біздің міндеттеріміз орындалатынына сенемін», - деді Н. Назарбаев.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары

