- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында «Мейірімді жүрекпен» акциясы аясында 27 бала көмекке ие болды
Алматы облысында «Мейірімді жүрекпен» акциясы аясында 27 бала көмекке ие болды
Акцияның мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары мен жетім балаларға көмек көрсету, мейірбандық құндылықтарды қоғамда кең тарату, балаларға деген жүректің жылу сезімін білдіру, олардың бойында өмірге деген талпыныс қасиеттерін ояту.
Талдықорған қаласы «Пятерочка» сауда орталығында орналасқан кеңес орталығында жасотандықтар 27 мүмкіндігі шектеулі, жетім, жағдайы төмен отбасы балаларына жиналған сый-сыяпаттарды жаңа жыл мейрамына орай қайырымдылық көмек ретінде тапсырды.
«Бүгін балаларымның көңіл-күйі ерекше. Жаңа жылдық сыйлықтар, ізгі ниеттер мен Аяз ата тілегі көңілімізден шықты. Басқа да балалар жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар алып, мәре-сәре болып жатыр. Жастардың бастамасымен осындай игі шара ұйымдастырып жатқандарына алғысымды айтамын», - дейді ата-ана Гүлзия Елтайқызы.
Сонымен қатар, орталыққа келген балалар Аяз атаға жыр шумақтарын айтып, сый дорбасынан әр түрлі тәттілер алды. Балардың көңілін көтерген бұл акцияға ата-аналар да дән риза болып, рахметтерін айтты.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді