- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да ҮИИД МБ аясында елдегі ең үлкен жылыжай іске қосылды
ОҚО-да ҮИИД МБ аясында елдегі ең үлкен жылыжай іске қосылды
Еліміздегі ең ірі жылыжай кешені болып табылатын бұл жобаның құны 2 574 млн. теңге. 200 жаңа жұмыс орны құрылған жылыжайда жылына 8400 тонна қияр және қызанақ алу жоспарланған.
«Жылыжайда франциялық RISHEL компаниясының заманауи жабдықтары орнатылған. Өндіріс желілері толық компьютерленген, жылыту, тамшылатып суару, перделеу сынды барлық үдерістер толығымен автоматтандырылған», - делінген хабарламада.
Жылыжай кешені қыс мезгілінде көкөністер құнының төмендеуіне, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға және де көршілес елдерден импорт көлемін төмендеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, компания көкөністерді Ресейге экспорттауда.
Заманауи аграрлық кешеннің іске қосылуы арқылы еліміздің экспорттық әлеуеті артып отырғанын жеткізген Асылжан Мамытбеков мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында агроөнеркәсіп кешені заманауи технологиялармен қамтылып жатқанын атап өтті.
Жалпы облыс бойынша жылыжайлардың жалпы көлемі 907 га құрайды, оның ішінде биылғы жылдың өзінде 187 га жаңа жылыжай құрылған. Биылғы жылы облыс жылыжайларынан 105 мың тонна көкөніс жиналған.
Ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемін арттыруда озық интенсивті – инновациялық ылғал үнемдеу технологияларды өндіріске ендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылы терең қопсыту технологиясымен мақта дақылы 37,0 мың га егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайған. Мақта дақылынан орташа өнімділік облыста 26 - 27 ц/га болып, терең қопсыту технологиясын қолданған шаруашылықтарда 35 - 40 ц/га өнім алуда.
Тамшылатып суғару әдісі 7 мың гектарға артып, бүгінгі күнге 34 мың гектарға ендіріліп, республикадағы көрсеткіштің 84 % құрады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек