- Басты
- Жаңалықтар
- Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің инвестқоржынында 7,9 млрд теңгенің жобалары бар
Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің инвестқоржынында 7,9 млрд теңгенің жобалары бар
«Бүгінгі таңда Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің инвестициялық қоржынында жұмыс істеп отырған 16 қор және инвестициялық жобалар бар, олардың жалпы сомасы 7,9 млрд теңге. Атап айтар болсақ, 2,9 млрд теңгенің 9 инвестициялық жобасы, 1,6 млрд теңгенің 3 отандық еншілес қоры, 3,4 млрд теңгенің 4 шетелдік еншілес қоры», - деп хабарлады ведомство.
Айта кетерлік жайт, «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ 2003 жылдан бастап үлестік бақыланбайтын қатысу арқылы тікелей жобалық қаржыландыруды жүзеге асырып келеді.
Сонымен, ведомствода 220 өтініш қаралып, олардың 18 инновациялық жобасына инвестиция салынды, ал 9 жоба іске қосылды.
Осы ретте машинақұрылысы саласындағы компаниялардың жаңа өнім өндірісін игеру мәселесіне ерекше ден қойылды.
«Салалық құрылымдау бюросы (СҚБ) осы уақыт ішінде 419 құрылымдау техникалық құжатнамаcын жасақтап, 69 құжатнаманы сатып алды, бұл өз кезегінде кәсіпорындарға жаңа 198 өнімнің өндірісін игеруге мүмкіндік берді», - деп түсіндірілген хабарламада.
Жалпы, аймақтық техникалық парктер 2010 жылдан бастап жаңадан жұмыс бастаған 116 инновациялық кәсіпорынға жалпы сомасы 975 млн теңге болатын техникалық бизнес-инкубациялау қызметін көрсетті.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген