• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Әбілқасымова: Қазақстанда теңге депозитін кепілдендіру көлемінің ұлғаю мүмкіндігі қарастырылуда

М.Әбілқасымова: Қазақстанда теңге депозитін кепілдендіру көлемінің ұлғаю мүмкіндігі қарастырылуда

20 Желтоқсан, 2014 12:38
Қазақстанда теңге депозитін кепілдендіру көлемінің ұлғаю мүмкіндігі қарастырылуда, деді ОКҚ брифингінде ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова.

«Долларсыздандырудың негізгі шараларының бірі халықтың ұлттық валютаға деген сенімділігінің пайда болуы, сондай-ақ, коммерциялық банктерде теңге депозитін кепілдендіру көлемінің ұлғаю  мүмкіндігі қарастырылуда.Аталмыш үдеріс әлі жұмыс үстінде, жұмыстың нақты көрсеткіштері бойынша жұмыс тобының атқарған ісі қорытындыланады», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда республикада Премьер-Министрдің тапсырысы бойынша экономикалық сала мен Ұлттық банк өкілдерінен жұмыс тобы құрылды, олар Ресей аймағында болып жатқан келеңсіз оқиғалардың елге зиян келтірмеуі және әлеуметтік жағдайдың банк секторына, қаржы саласына, жалпы Қазақстан экономикасына әсер тепеуін қарастырады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар