- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚҚ Құрлық әскерлерінде 2014 жылғы қызметтің қорытындысы шығарылды
ҚР ҚҚ Құрлық әскерлерінде 2014 жылғы қызметтің қорытындысы шығарылды
«Осы кезең ішінде бағынысты бірлестіктердің, әскер тектерінің, құрамалар мен бөлімдердің күнделікті және оқу-жауынгерлік қызметіне жеткшілік жасау жөніндегі айтарлықтай жұмыс атқарылған болатын. Әскери қызметшілер ұдайы өздерінің кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты жүргізіп келеді», - делінген хабарламада.
«Кәсіпқой маман – Армия негізі!» деген ұранмен өткен жауынгерлік сайыста бас қолбасшы басқармасының жеке құрамы жоғары нәтижелер көрсетті. Бас басқармалар, басқармалар мен бөлімдер арасында жалпы қызметтік рейтинг бойынша 1-орынға Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасы, 2-орынға мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы, 3-орынға Жауынгерлік даярлық басқармасы ие болды.
Бірқатар әскери қызметшілер лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, үлгілі әскери тәртібі және жауынгерлік сайыстағы жоғары көрсеткіштері үшін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бұйрығымен көтермеленді. 2014 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуына Қазақстан Қарулы Күштері мен ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер әскерлері мен басқару органдарының құрамында қатысу, Отан қорғаушылар күні құрметіне болған Астанадағы әскери парадты дайындау және өткізу сияқты іс-шаралар басқарма қызметінде маңызды орын алды. Бұдан басқа, 2014 жылғы маусым және желтоқсан айларында Құрлық әскерлерінің басшылық құрамиымен жедел әдістемелік жиындар өткізілді. Олардың қорытындылары Құрлық әскерлерінде жүргізіліп келе жатқан, жауынгерлік даярлықты жетілдіруге, әскери тәртіпті нығайтуға, қару-жарақ пен әскери техниканы үлгілі ұстауға бағытталған жұмыстың дұрыстығын дәлелдеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ДСМ: Қазақстан қызыл аймаққа еніп, шектеу шаралары күшейтілді -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
Халыққа қызмет ететін мемлекет -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі