- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны азайды
СҚО-да әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны азайды
Елбасының тапсырмасы аясында мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдардың бiрлесуiмен бiрқатар iстер атқарылуда. Бiздiң қоғам айналада белең алып жатқан түрлi қылмысқа бейжай қарамай, оның әшкереленуiне атсалысуы керек. Бұл тұрғыда «Нөлдiк шыдамдылық», «Көршiлер бақылауы» сынды қылмыстың алдын алу жүйелерi оң нәтиже беруде.
«Биыл қоғамдық орындардағы қылмыс 15,8 пайызға, кәмелетке толмағандар арасындағысы 11,6 пайызға төмендедi. Ал жалпы 11 айдың көлемiнде полиция қызметкерлерi 116 272 әкiмшiлiк құқықбұзушылықты тiркесе, оның 77 мыңнан астамы жол бойында орын алған. Яғни мас күйде 2550 азамат көлiк жүргiзiп, 8851-i жылдамдықты асырған болса, қалғаны қауiпсiздiк белдiгiн тақпағандар мен жаяу жүргiншiлердiң еншiсiнде»,- дедi СҚО IIД қоғамдық қауiпсiздiк басқармасының бастығы Бауыржан Рахымжанов.
Комиссия отырысында өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов полиция қызметкерлерi үкiметтiк емес ұйымдармен, бiлiм ордаларымен, денсаулық сақтау мекемелерiмен де жұмысын күшейту керектiгiн айтты.
Күн тәртiбiндегi екiншi мәселесi жергiлiктi атқарушы билiктiң құқық бұзушылықтарды болдырмау жолында атқарылған iстерi жайлы Мамлют ауданының әкiмi Ерболат Бекшенов мәлiмдедi.
«Мамлют ауданында үстiмiздегi жылы алаяқтық фактiсi 77 пайызға, мүлiктi ұрлау қылмысы 28 пайызға төмендедi. Көшедегi қылмыс 7-ден 3-ке, қоғамдық орындағы 8-ден 5-ке азайса, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыс 4-тен 1-ге кемiдi. Аудан орталығында бiрнеше бейнебақылау камерасы жұмыс iстеп тұр, бұл өз кезегiнде қылмысты тез әшкерелеуге септiгiн тигiзедi»,-дедi Мамлют ауданының әкiмi Ерболат Бекшенов.
Ал Аққайың ауданында үстiмiздегi жылдың 10 айы бойынша 237 қылмыс тiркелсе, былтыр бұл көрсеткiш 244 болатын.
«Аудандағы қылмысты ашудың жалпы көрсеткiшi 65 пайыз. 10 млн. 129 мың көлемiнде әкiмшiлiк айыппұл өндiрiп алынды, өкiнiшке орай кейбiр қылмыстардың көрсеткiшi өстi. Бұл жағдайды қалыпқа келтiру мақсатында «Қауiпсiз қала» жүйесiмен аудан орталығында 5 бейне бақылау камерасы орнатылды», — дедi Аққайың ауданының әкiмi Сәбит Мұқанов.
Өңiр басшысы Ерiк Хамзаұлы бұл тұрғыдағы жұмыстарды одан сайын жандандыру керектiгiн атап өттi. Және де мемлекет пен қоғам арасындағы қатынас неғұрлым тығыз болса, соншалықты қылмыстардың санын азайтуға болатындығын сөз еттi.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан