- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының әкімі «Нұрлы жол» аясында жастарға көрсетілетін қолдау жайлы студенттерге баяндады
Жамбыл облысының әкімі «Нұрлы жол» аясында жастарға көрсетілетін қолдау жайлы студенттерге баяндады
Аймақ басшысы Елбасы Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауының маңыздылығына тоқталды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық нәтижелері туралы баяндады.
Ол өз сөзінде облыс дамуының басты потенциалы - адам капиталы екендігін, оның ішінде студент жастардың үлесінің басым екендігін айтты:
« Елбасы Жолдауында айтылған идеяларға үн қосып, оны жүзеге асыруға күш салатын жігерлі жастар сіздерсіздер. Мемлекет басшысы алдымызға дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы мақсат қойды. Оған үлес қосу жастардың еншісінде. Бұл - уақыт талабы», – деді облыс әкімі.
Бұдан өзге, облыс басшысы болашақта туристік брендке айналатын «Ежелгі Тараз» саябағына ерекше тоқталды. Ол көне Тараз қалашығына жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары мен 20 гектар жерге соғылатын, инфрақұрылымы жасақталған «Ежелгі Тараз» саябағының аймақ үшін маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар өңір басшысы 2014-2017 жылдар аралығында облысымызға тартылатын инвестиция көлемінің 47 млрд.теңгені құрайтынын, оның 33 млрд.теңгесі жеке инвестиция екендігін айтты. Қазірдің өзіне құны 10 млрд. теңгені құрайтын сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы басталғанын жеткізді.
Студенттермен емен-жарқын әңгіме құрған облыс әкімі жастардың сұрақтарына жауап беріп, оларды отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды сақтап дәріптеуге, ел үшін еңбек етуге шақырды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары