Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ – Тілеп

20 Желтоқсан, 2014 11:33
Өз басым Тәуелсіздік күнін еліміз үшін ең құрметті, ең маңызды жалпы халықтық мереке деп есептеймін. Ал, ел Президентінің еліміздегі ең қастерлі мереке күні сөйлеген сөзін болшаққа бағытталған бағдар деп бағалаймын, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында «Фирма Тілеп» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ібайдулла Тілеп.

«Егер барлық қазақстандықтар «Мәңгілік Ел», «Нұрлы жол» сияқты бастамалардың аясына біріксе, сонда көрсетілген мақсаттар іске асады. Себебі, еліміздің бүгінгі жеңісі, жеткен биігі мен қарқынды дамуы Елбасымыздың саясаты арқасында деп ойлаймын. Ат үстінде ғұмыр кешкен біздің даңқты ата­бабаларымыз азаттықты сандаған ғасыр бойы армандап, сол жолда қасық қаны қалғанша күресіп өтті. Шүкір, бабалар мұрат тұтқан азаттықты біздің бүгінгі ұрпақ көріп отыр. Мұнан кейін Тәуелсіздік тәңірдің біздің ұрпаққа берген сыйы демей көр! Ендеше, несібелі ұрпағына нәсіп болған Тәуелфсіздік күні құтты, еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Елбасының шағын және орта бизнесті дамытуға жасап жатқан қамқорлығына ризамыз», - деді ол.

Біз де Отанымызбен бірге өсіп, есейіп келеміз. Сондықтан мемлекетіміз «Нұрлы жолмен» нұрлы болашаққа жетеді деген сенімдемін. Еліміз биіктен көрініп, егемен Қазақстанымыз өрлеп, өсе берсін! Біз бақытты елміз. Мәселен, төрткүл әлемде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Соның 200­ге жуығының ғана Отаны бар екен, деді ол.

« Ел Президенті кешегі Тәуелсіздік туралы толғауында «Біз дербес мемлекет құру бақытына ие болған әлемдегі 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек. Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғыл жолына түсе алған жоқ» деп атап көрсетті. Демек, жер бетіндегі қай халық үшін де азаттықтан асыл ештеңе жоқ. Ең бастысы, біз татулық пен бірліктің уызына ұйып, берекелі тірлік кешіп жатқан халықпыз. Тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ екенін, ынтымақ болған жерде береке­бірлік барын пайымдай білетін елдің ұрпағымыз. Біздің ел 1,5 ғасырдан кейін қайтадан өз егемендігіне ие болды. Енді осы Тәуелсіздігімізге тәу етіп, дәуір мен уақыттың бізге берген сыйын қадірлеп, отаншыл рухтағы ұрпақ тәрбиелей білуіміз керек. Биылғы мерекеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Сыр бойындағы қалың жұрттың алғысына бөленген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды», - деп атап өтті ол.

 

Барлық жаңалықтар