• Басты
  • «Қазатомөнеркәсіп» пен Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық салада ынтымақтастық орнатты
20 Желтоқсан, 2014 11:02

«Қазатомөнеркәсіп» пен Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық салада ынтымақтастық орнатты

Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 2015-2016 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлады Қазатомөнеркәсіп.

«Қазатомөнеркәсіп» пен  Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық салада ынтымақтастық орнатты | Strategy2050.kz

Осынау қол жеткен келісім шеңберінде ұлттық атом компаниясы әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму, өңір тұрғындарының әл-ауқаты деңгейі мен өмір сапасын жақсарту бойынша міндеттеме алды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, соның ішінде еншілес компаниялар қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға, қазіргілерін сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шараларға қатысатын болады.

Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компания балансындағы барлық әлеуметтік нысандарды оларды қаржыландыру үшін 2015-2016 жылдарға арналған 1,6 млрд теңге көлеміндегі қаржысымен қоса Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне береді. Атап айтқанда, әкімдікке 20 төсек-орындық станционарлық дәрігерлік-санитарлық бөлім, 280 балаға арналған балалар бақшасы, стадионы бар мәдени-спорттық орталығы, «Арман» мәдениет сарайы, монша-сауықтыру кешені, қонақ үй кешені және «Шиелі-Энергосервис» ЖШС тапсырылады.

Сондай-ақ, Меморандум аясында ұлттық атом компаниясы Қызылорда қаласындағы жалпы сомасы 1,6 млрд теңгелік 150 төсек-орындық перзентхана және бір мезгілде 50 сырқатты қабылдай алатын емхана құрылыстарын қаржыландырады.

2015 жылы компания тиімділігін арттыру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Қызылорда облысы аумағында уран өндіретін еншілес кәсіпорындарының кеңселері Алматыдан Қызылорда қаласына көшіріледі. Компаниялар кеңселерінің өңірге көшуі дамуға қосымша серпін береді, сондай-ақ облыс тұрғындарына көп әлеуметтік қолдау жасайды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды