• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланды

Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланды

20 Желтоқсан, 2014 10:02
Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов әлеуметтік-экономикалық саланы кеңінен талқылады, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Атап айтсақ, табиғи монополиялар саласында 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат қарастырылды, сондай-ақ, елорданың 2050 жылға дейін үздік 10 қаланың құрамына ену тұжырымдамасы мақұлданды.

Тарифтік бағдарламаны таныстыра отырып, ұлттық экономика министрі Е.Досаев «оның негізгі мақсаты табиғи монополияларды реттеудің тиімді жүйесін құру керектігін айтты».

Бағдарлама сондай-ақ, шығындарды реттеудің жаңа әдісін енгізуді қарастырады.

 

 

Барлық жаңалықтар