- Басты
- Жаңалықтар
- Қырғызстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын мақұлдады
Қырғызстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын мақұлдады

Сапар аясында ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Т.Сарпашевпен, осы елдің сыртқы істер министрі Э.Абдылбаевпен, Мәдениет, ақпарат және туризм министрі А.Мақсұтовпен және елдің Сауда-өнеркәсіптік палатасы президенті М.Шаршекеевпен екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер туралы ойларын ортаға салды. Р.Жошыбаевтың айтуынша, Қырғыз Республикасының Кедендік Одақ пен Бірыңғай Экономикалық Кеңістікке енуі жалпы еуразиялық интеграциялық қатынастарды дамытуға, соның ішінде Қазақстан экономикасының өсімін қамтамасыз етуге жол ашады.
Өз кезегінде Т. Сарпашев екіжақты ынтымақтастыққа жоғары баға бере келіп, Қырғызстанның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын айтты.
Қырғыз елінің сыртқы істер министрімен өткен келіссөзде тараптар өзара байланыс пен сыртқы саясаттағы бастамалар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау шараларының маңыздылығына тоқталды.
Р. Жошыбаев Қазақстанның жаңа экономикалық «Нұрлы жол» саясаты туралы егжей-тегжейлі баяндап, ЭКСПО-2017 көрмесі туралы әңгімеледі.
Мәдениет, ақпарат және туризм министрімен кездесуде қос елдің өкілдері туризм саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету мен Қазақстанның Қырғызстандағы туристік әлеуетін арттыру жайын талқылады.
ЭКСПО-2017 комиссарының айтуынша, Қазақстан Үкіметі қазіргі таңда шетелдік туристерге қолайлы жағдай жасау үшін түбегейлі бетбұрыстар жасап жатқанын тілге тиек етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Р.Жошыбаевтың Қазақстан мен Қырғызстанға бір мезетте кіре отырып Ұлы Жібек жолы бағытының туристік жобасын бірлесе іске асыру туралы ұснысын жан-жақты зерттеуге келісті.
-
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді
-
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады
-
COVID-19 екінші толқыны: Әлемдегі ахуал күрделі
-
Мәжіліс білім беру саласына қатысты жаңа Заң жобасын мақұлдады
-
Сенат тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады
-
Қырғызстаннан ауырған жылқының еті әкеліп сатылуда деген хабарлама жалған - АШМ
-
Президент жұмылдыру туралы заң жобасына енген өзгерістерді мақұлдады
-
Мәжіліс бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасын мақұлдады
-
Мәжіліс еңбек заңнамасына енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады
-
Б.Сапарбаев: Қырғызстанға өтіп кеткен 8 мыңға жуық азамат қайтарылды
-
Мәжіліс бірінші оқылымда көші-қон процестерін реттеу бойынша Заң жобасын мақұлдады
-
ҚР Парламенті Сенаты допингке қатысты заң жобасын мақұлдады
-
Мәжіліс бірқатар заң жобаларын мақұлдады
-
Мәжіліс Кеден істеріне қатысты ратификациялық заң жобасын мақұлдады

