• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының спортшылары пауэрлифтинг бойынша Азия Чемпионатында жүлдегер атанды

Ақмола облысының спортшылары пауэрлифтинг бойынша Азия Чемпионатында жүлдегер атанды

19 Желтоқсан, 2014 19:23
Ақмола облысының спортшылары пауэрлифтинг бойынша Азия және Мұхит елдері Чемпионатында жүлде алды, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».

Пауэрлифтинг бойынша Азия және Мұхит елдері Чемпионатында жекелеген жаттығулар мен жатып штанга көтеру бойынша 74 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Павел Марда күміс жүлдегер атанса, Асылжан Әлмербенов 93 кг-ға дейінгі салмақта қола жүлде мен жатып көтеру бойынша күміс медальға қол жеткізді.

Медиа орталықтың хабарлауынша, байрақты бәсекеге Қазақстан, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Монғолия, Сингапур мен Пәкістан секілді 20 елден бес жүзге дуық спортшы келіп қатысты.

Жарыста жастар мен әйелдер арасындағы бәсекеден бастап барлық салмақ түрлері бойынша медальдар сарапқа салынды. Сонымен қатар, онда 70 жастан асқан ардагерлер де күш сынасты. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар да өз араларында кім мықтыны анықтады.

Айта кету керек, аталмыш спорт түрінде жарыс тәртібі бойынша үш жаттығу орындалады: арқаға штанга салып отырып-тұру, штанганы жатып көтеру мен штанга тарту.

Барлық жаңалықтар