- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚДБ мен Қызылорда облысының әкімдігі несиелік келісімдерге қол қойды (Фото)
ЕҚДБ мен Қызылорда облысының әкімдігі несиелік келісімдерге қол қойды (Фото)
«Келісімдер Қызылорда қаласының электр, жылу және су желілерін қайта жаңғырту жобаларын жүзеге асыруды көздейді. Бұған қоса, облыс орталығындағы көшелерді жарықтандыру жүйесін қайта жаңғыртуға байланысты алдын-ала келісімге қол қойылды», - делінген хабарламада.
Басқосуда ЕҚДБ президенті, сэр Сума Чакрабарти «Біз Қызылорда облысының банк органдарымен серіктестік қарым-қатынас орнатқанымызға қуаныштымыз. Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасалған келісім аясында Қызылорда қаласының өмір сүру сапасын жақсартамыз. Біз биыл маусым айында өңірге барғанда осы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылағанбыз. Енді жобаларды нақты жүзеге асыру мақсатында қол қойып отырмыз» - деп айтты.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ЕҚДБ Президентіне алғысын білдірді.
«Елбасы шетелдік қаржы институттарымен жұмыс жасауды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, біз бүгін жобаларымызды жүзеге асыруға қол қойып отырмыз. Бұл Қызылорда облысының экономикалық-әлеуметтік ахуалын көтеретініне сенемін», - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі Қызылорда облысында қайта жаңғырту жүйесін 2,6 млрд. теңгеге дейін гранттық жобасын қаржыландыруды қолдады. Бұл Банк пен Үкімет арасындағы ағымдағы жылдың мамыр айында қол қойылған келісім аясында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр. Бүгінде 60 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайтын 8 жобаны бірлесе жүзеге асыруда.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері