- Басты
- Жаңалықтар
- Елдегі медицина мекемелерінің 29 пайызы жеке меншік ұйымдар
Елдегі медицина мекемелерінің 29 пайызы жеке меншік ұйымдар
«Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекеттік қызмет төлемі комитеті қызметінің маңызды бағыты. Комитет келесі аптада 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды бастайды. Мемлекеттік тапсырысты орындаудағы басты талап – медициналық ұйымдардың көрсететін медициналық көмектері сапасының жоғарлылығы. Сонымен қатар, онда тіркеуден өткен ұйымдарға ғана тапсырыс үлестіріледі», - дейді Г.Асылбекова.
«Стационарды және стационарды емес алмастырушы технологиялар қызметін көрсетуші 557 ұйымның қазіргі таңда 29 пайызы жеке меншікте. Бүгінгі таңда жеке меншік емдеу ұйымдарына мемлекеттік ұйымдармен қатар теңдей жағдай жасалынған. Естеріңізде болса, 2009 жылы мұндай жеке меншік ұйымдар мүлде болмап еді», - дейді.
Оның айтуынша, министрлік емдеу ұйымдарының көрсеткен қызметінің сапасы мен көлеміне сараптама жасағаннан кейін ғана ақы төлейді. Егер көрсетілген қызмет талапқа сай келмесе, ондай жағдайда ведомство тарапынан экономикалық шаралар қолданылады.
Айта кетейік, пациенттермен кері байланыс орнату мақсатында республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталықтарының сайтында өңірлердегі медициналық ұйымдар мен олардың рейтингтері туралы ақпарат орналастырылмақ. Қазіргі таңда жоспарлы түрде қайта емдеу керектігін пациенттердің өздері таңдайды. Елімізде жыл сайын 800 мыңдай адам осындай еркін таңдау жасайтын көрінеді.
Сонымен қатар төменгі палата депутаты халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша халықтың басым көпшілігінің медицина қызметтеріне көңілдерінің толатынын айтты.
«Пациенттенттердің 32 пайызы кезектің көптігі мен медицина қызметкерлерінің жауапсыздығына шағымданса, 62 пайызы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына көңілдері толады, ал тек 6 пайызы ғана медициналық қызметтердің сапасы нашар екенін алға тартады», - деп түйіндеді өз сөзін «Ұлттық тұтынушылар лигасы» РҚБ төрайымы.
Бауыржан Мұқанов
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты