- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында ауыл жастары үшін колледж ашылды
Қарағанды облысында ауыл жастары үшін колледж ашылды
Колледж 200 білімгерге есептелген. Онда 100 орынға арналған жатақхана, асхана, медициналық пункт бар. Физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша оқу кабинеттері, шеберлік үйірмелері мен аспаздық зертханасы қажетті құралдармен жабдықталған.
Әкімдіктен атап өткендей, мамандарды даярлау «Аспазшы», «Тракторист-машинист», «Дәнекерлеуші-жөндеуші», «Фермерлік шаруашылық», «Құрылыс», «Техникалық қызмет көрсету, жөндеу және автомобиль көлігін пайдалану», «Тігін өнідірісі мен киім үлгісін жасау», «Іс жүргізу мен мұрағаттану» мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Колледжде Нұра мен Осакаров ауданының мектеп бітірушілері білім алатын болады. «Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы дамытумен қатар қоғамдағы білім деңгейін арттыру мәселесіне барынша көп көңіл бөлінеді деген болатын. Осы міндетті орындауда аталмыш көпсалалы колледж өз үлесін қосады деп есептеймін», - деп атап өтті облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Сонымен қатар ол, облыста халықаралық бакалавриат, дуальды білім беру, несиелік білім беру жүйесі сынды бірқатар жобалар табысты енгізіліп және облыстың білімгерлері республикалық және халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп жатқанын тілге тиек етті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды