- Басты
- Жамбыл облысының еңбек ұжымдары мен жұртшылығына жаңа экономикалық саясат түсіндірілді
Жамбыл облысының еңбек ұжымдары мен жұртшылығына жаңа экономикалық саясат түсіндірілді

Хабарламада айтылғандай, топ жетекшісі ҚР мәдениет және спорт министрінің өңір активімен кездесуінде әлемдегі күрделі саяси-экономикалық жағдай кезіндегі Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының маңызы сөз болды. Аталмыш саясат Ұлт көшбасшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен АҚШ-тың бір кездегі Президенті Франклин Рузвельдтің Ұлы дағдарыс жылдарында жүргізген экономикалық бағыты арасындағы үндестікті көрсетеді.
«Жаһандық дағдарыстың алдын алатын мемлекет Ұлттық қордан экономиканы ынталандыру үшін ауқымды қаржы ресурстарын бағыттайды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға толықтай түрде халық алдындағы мемлекеттік міндеттерді сақтау керектігін тапсырды», - дейді министр.
Бүгінде жұртшылық біздің қоғамның дамуы үшін айтарлықтай құндылыққа ие рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал ретінде мәдениет пен өнердің рөлін арттыру керектігін ұғынуда. Елдің заманауи мәдени кластерлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен министрлік Қазақстан Республикасының Мәдени саясаты тұжырымдамасын дайындады.
«Біз қазір Президент жанынан Ұлттық әдебиет және өнер кеңесін құрып жатырмыз. Сонымен қатар, министрлік жанынан салалар бойынша көркемдік кеңес құрылады. 2025 жылға қарай виртуалды музейлер жүйесі құрылады. Сондай-ақ,кітапхананың маңызы артып, оның мәдени, білім беру және ақпараттық орталық ретінде құны арта түспек. 2020 жылға дейін елдің барлық кітапхана қорын сандық форматқа ауыстыру жұмыстары аяқталады», - дейді министр.
Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлы белсенді өмір салтына халықты кеңінен тарту бойынша ведомствоның алдындағы жоспарларымен бөлісті. 2030 жылға қарай дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысушы адамдар саны 40 пайызға дейін артпақ. Осы мақсатта жеке меншік спопрттық мекемелерде мемлекеттік тапсырыс бере отырып спортпен айналысу билеттері құнын азайту жоспарланған. Осылайша мемлекет спортпен айналысуға ниетті қазақстандықтарды жан-жақты қолдамақ.
Және де шарада елдегі ғаламтор кеңістігіндегі ақпараттар ағымы жайы да сөз болды. Онда толыққанды ақпараттық-ағарту «E-islam» сайтының ашылғаны тілге тиек етіліп, заңға томпақ келетін мазмұндағы ғаламтор сайттарын анықтауда мониорингтер жүргізіліп тұратыны айтылды.
Сөз соңында министр Мемлекет басшысының Қаулысымен 2015 жылдың Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Конституцияның 20 жылдығына арналатынын еске салды.
-
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті
-
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы
-
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
-
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды
-
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы
-
COVID-19 қарсы вакцина: егілгендер саны, егу пункттері мен ұжымдық иммунитет
-
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда
-
ҚР экономикасының дамуы: Экономикалық өсімді ынталандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр
-
Қазақстан экономикасын цифрландырудың жаңа міндеттері
-
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы
-
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді
-
COVID-19: Жаңа штамдардың таралуы, жұқтырғандар санының артуы және вакцинациялау шаралары
-
COVID-19: Вакцинациялауға қатысты өзекті сұрақтар мен оларға жауап

