- Басты
- Жаңалықтар
- Елдегі туристік сала кірісінің 50%-ы Алматыға тиесілі – Есімов
Елдегі туристік сала кірісінің 50%-ы Алматыға тиесілі – Есімов
«Қала экономикасын алға сүйреуші сектордың бірі - туризм. Жалпы елдегі туристік сала кірісінің 50%-ы Алматыға тиесілі. Өткен жылы алғаш рет осы саладан бюджетке 5,2 млрд теңге кіріс кірді. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық», - дейді әкім.
Жіктеп айтар болсақ, 2013-2014 жылдың маусымында «Медеу» шатқалына 180 мың адам барған. Жалпы түсім 85 млн теңгеден 289,6 млн теңгеге артты. Ал «Шымбұлаққа» барып дем алушылар саны 2013-2014 жылғы маусымда 393,5 мың адамды құрады. Сонымен қатар, «Шымбұлақта» шаңғы тебушілер саны да 40 мыңнан 120 мыңға дейін ұлғайды.
Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, «Көк Жайлау» таң шаңғысы демалыс орны ұлттық туристік жобалар тізіміне енгізіліп, келер жылдан бастап оның құрылысы қолға алынбақ.
«5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, тау шаңғысы спорты саласындағы әлемдегі алпауыт компаниялардан инвестиция түседі. 2014 жылдың 6 желтоқсанында Франция Республикасы Президенті Француа Олландтың мемлекеттік сапары аясында Алматы әкімдігі мен «Монтань» француз тау шаңғысы кластері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сай, француз қауымдастығы қысқы спорт түрлерін тарату мен тау туризмін кеңінен танытуға қолдау көрсетпек», - деді Алматы әкімі.
Айта кету керек, туристерге арналған британдық TheRoughGuide басылымының жүргізген зерттеуі нәтижесі бойынша Алматы 2014 жылғы сапарлап кетуге тұрарлық алғашқы он қаланың тізіміне енді. Олардың арасында Рио-де-Жанейро мен Ливерпуль секілді шаһарлар бар. Алматы осы тізімде жетінші орында.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын