- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы Алматыда 40 жаяу жүргіншілер өткелі салынады – Есімов
2015 жылы Алматыда 40 жаяу жүргіншілер өткелі салынады – Есімов
«Соңғы 5 жыл ішінде Алматыда 68 жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелі салынды, келесі жылы тағы 40 өткел салынбақ, біз 3 жыл бойы жүзеге асырып отырған жаяу жүргіншілер бағдарламасы аяқталады», - деді ол. Әкім атап өткендей, соңғы 5 жыл ішінде 14 көліктік шешу, 5 көше өткелі, 165 км жаңа жол төселіп, 1300 жөндеуден өтті.
Сондай-ақ, Есімов 1 желтоқсан күні алматы метросының ашылғанына 3 жыл өткенін айтып өтті.
«3 жыл ішінде метро олқылықсыз жұмыс істеді. Қазір тәулік сайын 23 мың жолаушы тасымалданады. Ашылған күндері адам саны 12-13 мың болатын. Күні кеше 20 млн жолаушыны тасымалдаған болатынбыз», - деді әкім.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 2015 жылдан бастап дайындалған 2 станция сынақтан өтетін болады.
«1 желтоқсан күні жаныма арнайы мамандарды ертіп алып, осы екі станцияны араладым. 2015 жылдың басында тағы арнайы сынақ өткізіген соң олар жолаушылар тасымалдай алады», - дейді әкім.
Индира Кауметова
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу