• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШЫҰ басшыларының шешімімен Алматы қаласы Жаңа Жібек жолының қаржы орталығы болады

ШЫҰ басшыларының шешімімен Алматы қаласы Жаңа Жібек жолының қаржы орталығы болады

19 Желтоқсан, 2014 13:21
ШЫҰ басшыларының кездесуінде Алматы қаласы Жаңа Жібек жолының қаржы орталығы болады деген шешім қабылданды, сонымен қатар ҚР Ұлттық банкі және екінші деңгейдегі банктердің басты қаржы институттары көшірілмейді, деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

Бұдан басқа, А. Есімовтың айтуынша, Алматыда  ЕАЭО ұлттық қаржы органының үстінен қарайтын орталығын ашуда, исламдық қаржыландыру дәл солай Алматыда хабын құру көзделген.

«Осы ретте екінші деңгейлі банктерді және Ұлттық банкті көшіру мәселесі соншалықты ұшығып тұрған жоқ деп есептеймін. Жасыратын жоқ, олар әбден орналасып алған және бұл салада он мыңдаған алматылықтар нәпәқасын табуда. Оның үстіне жаҺандық банктер  кеңселерінің жақын арада орналасуы өте қолайлы. Бүгінгі коммуникация жағдайында ол Алматының бизнесіне соншалықты әсер етеді деп ойламаймын, керісінше, банктердің осында көшіп келуі олар үшін шығыны көп дүние болары сөзсіз. Себебі банктерді көшірудің соншалықты қажеттілігі жоқ және менің ойымша бұл бастаманы көтеруші біздің Президент», - деп толықтырды Алматы әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 29 мамырда ЕАЭО құру туралы келісімге қол қоюға байланысты Мемлекет басшысы баршаға ортақ қаржы қызметі нарығын жасақтау қажеттілігін атап өткен болатын.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар