- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Торғай ЖЭС салу жөніндегі меморандумға қол қойылды
Астанада Торғай ЖЭС салу жөніндегі меморандумға қол қойылды

«Жоба Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін 2030 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы аясында Мемлекет басшысының инфрақұрылымдық түйткілдерді шешу тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр», - делінген хабарламада.
Меморандумға «Eren Enerji» тарапынан директорлар Кеңесінің Төрағасы Ахмет Эрен мен «Sembol» компаниясының Басқарма Төрағасы Феттах Таминже, ал «Тау-Кен Самұрық» АҚ тарапынан Басқарма Төрағасы Мәжит Тұрмағамбетов қол қойды.
Аталған меморандум Қостанай облысындағы Құсмұрын көмір кен орнын игеру негізінде жылу электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруды көздейді.
Қазіргі таңда Eren Enerji компаниясы жобаның алдын ала техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр.
Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен «Eren Enerji» электр станциясын салатын және көмір кенішін игеретін бірлескен кәсіпорын құруды көздеп отыр.
Жобаны жүзеге асыру Қостанай мен Ақтөбе облыстарының электр желілеріне түскен жүктемені толық қамтамасыз етеді. Әрі Қазақстанның бірыңғай электр желісі жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыра түспек.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар
-
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары
-
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары
-
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар
-
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
-
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi

