- Басты
- Жаңалықтар
- «Халық ІРО» Бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларын қор нарығына орналастырудың қорытындысы шығарылды
«Халық ІРО» Бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларын қор нарығына орналастырудың қорытындысы шығарылды
Науқан барысында «KEGOC» АҚ акцияларын алуға ниетті инвесторлардан жалпы құны 16 млрд. 675 млн. 918,6 мың теңгелік 41 995 дана құнды қағазға тапсырыс түсті. Алдын ала жоспар бойынша жалпы сомасы 13 млрд. 130 млн. теңгенің акцияларын бастапқы саудаға шығару көзделген болатын. Осылайша сұраныс ұсыныстан 27% жоғары болды.
Жеке инвесторлардың жалпы сомасы 9 млрд. 473 млн. теңгелік тапсырыстары толық қанағаттандырылды. Сондай-ақ, маркет-мейкер «Halyk Finance» АҚ-ның 202 млн. теңгелік, ал «БЖЗҚ» АҚ-нан түскен 3 млрд. 454 млн. теңгелік тапсырыс қанағаттандырылды.
Осылайша нарыққа шығарылған акциялардың жалпы көлемінің 72,15% жекелеген инвесторлар, 1,54%-ы маркет-мейкерлер және 26,31%-ы «БЖЗҚ» АҚ үлесінде.
Жекелеген инвесторлар 14 мың дана акцияға дейінгі мөлшерде 41 965 дана акцияға тапсырыс берген. Бұл барлық жекелеген инвесторлардан түскен тапсырыстардың 99,92%-ы. Бұл тапсырыстардың орташа сомасы 428,5 мың теңге межесінде.
«Халық ІРО» Бағдарламасы мемлекеттің ең ірі, әрі барынша тұрақты компанияларының акцияларын кезең-кезеңімен қор нарығына шығаруды көздейді. 2012 жылы бұл қатардан бірінші болып, «ҚазТрансОйл» акциялары қор нарығына шығарылды.«Самұрық-Қазына» АҚ 2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ акцияларын «Халық ІРО» бағдарламасы аясында қор нарығына шығаруды жоспарлады. Одан кейін, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары қор нарығына жол тартады деп күтілуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция