• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс Сенаттың энергия тиімділігін арттыруға енгізген өзгертулерін қарайды

Мәжіліс Сенаттың энергия тиімділігін арттыруға енгізген өзгертулерін қарайды

19 Желтоқсан, 2014 12:19
Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

"Депутаттар талқысына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодекс, ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер, үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, күн тәртібі жобасында Қазақстан Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу, Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы, Қазақстан Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімдерді және шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның 25 және 26-баптарына түзетуді ратификациялауға қатысты құжаттар бар. 

Мәжілісмендер осы күні энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша Сенат енгізген өзгерістерді қарайды. Сонымен қатар халық қалаулылары Палатаға түскен бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар