Алматының ЖӨӨ қала тарихында тұңғыш рет 8 трлн теңгеден асады – Есімов

19 Желтоқсан, 2014 12:07
Алматының жалпы өңірлік өнімі қала тарихында тұңғыш рет 8 трлн теңгені құрайтын болады, оның өсімі 6,3 пайызды құрайды, деді ОКҚ брифингінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

«Егер маңызды жағдайларға назар аударатын болсақ, Алматының жалпы өңірлік өнімі қала тарихында тұңғыш рет 8 трлн теңгеге жетіп, 6,3 пайыз өсімді құрайды. 9 айдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ 8 пайызды құрады, ЖӨӨ 6,3 пайыз болжап отырған көрсеткіш, бұдан төмен болмауы тиіс», - деді Алматы әкімі.

Есімов атап өткендей, қаланың бюджеті 356 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 млрд теңгеге өсті. Оған қоса, инфляция деңгейі 7 пайыз, ал 11 айдың қорытындысы бойынша 6,4 пайызды құрап отыр.

«Ел бойынша Алматы ЖІӨ – 20 пайызын, салық түсімінің 27 пайызын, бөлшек және көтерме сауданың 50 пайызын, сыртқы сауда айналымының бесінші бөлігін, 60 пайыз екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін қамтамасыз етіп отр», - деді әкім.

Өз кезегінде, осы жылы орташа жалақы 16 мың 500 теңгеге көтерілген. Яғни, 155 мың теңгені құрады. Жыл ішінде қалада 22 мың 600 жаңа жұмыс орны ашылған.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар