- Басты
- Жаңалықтар
- eGov порталында 3 миллионыншы пайдаланушы тіркелді
eGov порталында 3 миллионыншы пайдаланушы тіркелді
«Е.Серкебаевқа мекен-жай анықтамасы керек болды, ол үшін ол Қызылорда облысы Сырдария ауданының ХҚКО жүгінді. Қызметті көрсеткеннен кейін, ХҚКО қызметкерлері оған ЭЦҚ алып, egov порталында тіркелуді ұсынды. Осылайша, мерейтойлық үш миллионыншы тіркеу пайда болды», - делінген хабарламада.
Мерейтойлық пайдаланушыны Қызылорда ақпараттық технологиялар орталығының директоры Әкімжан Әбішев пен Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының директоры Аида Абибуллаева құттықтады. Өз құттықтауында Әбішев бүгінгі іс-шара порталдың белсенді пайдаланушылары тек Астана мен Алматыда ғана еместігін дәлелдегенін атады. Біздің облыста, еліміздің барлық өңірлеріндегідей қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану үшін барлық жағдай жасалған. «Қазіргі кезде халық, әсіресе жастар, интерактивті сервистерді қолданудың артықшылықтарын түсінеді. Электрондық үкімет қызметтерін астанада ғана емес, өңірлерде де белсенді қолданып келеді», - деп толықтырды ол.
Аида Абибулаеваның айтуынша, жылдың басынан бастап Қызылорда облысының ХҚКО арқылы 76601 адам электрондық цифрлық қолтаңбаны алды. «Әдеттегідей, ЭЦҚ бар азаматтар ХҚКО жиі жүгінбейді. Олар қызметті не үйден алады, не орталықтағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан алады», - деп айтты.
Естеріңізге салсақ, осы жылғы сәуір айында eGov 2-миллионыншы пайдаланушыны атап өткен болатын. Осылайша, сегіз айдан кем уақыт ішінде электрондық қызметтерді пайдаланушылардың саны экономикалық белсенді халықтың 21,9%-нан 32,8%-ға дейін өсті.
-
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Вакцина алу үшін eGov mobile аpқылы кезекке тұpу, «Saqbol» қосымшасы және ауылдардағы интернет сапасы -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы -
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді -
Шымкентте пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелді -
Ғ.Ағаділов: Мемлекеттік шекарада жолаушы саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушылық тіркелді -
Коронавирус: Ауру белгілері жоқ 964 тасымалдаушы тіркелді -
Баланы тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталына қалай тіркейді -
Жақыныңа жанашыр бол: Коронавирус белгісі жоқ тағы 623 адам тіркелді -
Коронавирустың белгілері жоқ 600 тасымалдаушы тіркелді -
Елімізде коронавирус белгілері жоқ 500-ге жуық тасымалдаушы тіркелді -
Бүгін Қазақстанда коронавирус індетінің белгілері жоқ 393 тасымалдаушы тіркелді -
Өзбекстанда бір тәулікте коронавирус жұқтыруға қатысты жаңа рекорд көрсеткіш тіркелді