- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік - халқымыздың ұлт пен ұлыс ретінде сақталып қалу жолындағы толассыз күрестердің жемісі
Тәуелсіздік - халқымыздың ұлт пен ұлыс ретінде сақталып қалу жолындағы толассыз күрестердің жемісі
«Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, азаттық үшін күрескен аталарымыздың әз аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз», - деді ол.
Тәуелсіздік жылдары – әрқашан біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажырамас бөлігі болып қалады, деді ол.
«Біздің халқымыздың барша тарихы – ұлт пен ұлыс ретінде сақталып қалу жолындағы толассыз күрестерге толы тарих.Бүгін біз халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы мақтанышпен айтамыз», - деп атап өтті Т.Оспанов.
Оның айтуынша, «біз экономикалық дағдарысты ойдағыдай еңсеріп, мемлекеттік басқаруға деген қабілетімізді дәлелдедік, демократияның берік негіздері мен өз дипломатиямызды құрып, бұл ретте мәдениетіміздің төлтумалығын және өз тарихымызға деген құрметті сақтай білдік».
«Экономикалық, әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері мен халықтың тұрмыс деңгейі бойынша Қазақстан бүгінде ТМД-да көшбасылық орында тұр және жоғары қарқынмен дамуын жалғастырып келеді. Қазақстан бүгінгі таңда – халықаралық қоғамдастықтың толыққанды, құрметті де беделді мүшесі», - деді ол.
«Халықаралық мәртебелі ұйымға төрағалық ете отырып отырған Қазақстан Республикасы бүкіл әлемге әйгілі болды. Бұл-Елбасымыз, ел көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналығының, көрегендігінің арқасы деп толық сеніммен айта аламыз», - деп толықтырды өз сөзін.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі