• Басты
  • Қазақстанда 10 мыңға жуық білім беру салымы тіркелген

Қазақстанда 10 мыңға жуық білім беру салымы тіркелген

19 Желтоқсан, 2014 11:47
Қазақстанда 10 мыңға жуық оқыту салымы тіркелген, деп хабарлайды ҚР БҒМ.

«Мемлекеттік білім беру жинақ жүйесінің жұмыс істеп тұрғанына екі жылдан астам уақыт өтті. Ол азаматтардың білім деңгейіне мемлекеттік қызығушылығын көрсететін көрсеткіш болып табылады. Тиісінше әлеуметтік-экономикалық өсімі мен күнкөріс деңгейінің артуына да мүдделі. Тәжірибеден көргеніміздей, депозиттің жаңа түрі алдағы жылдарға есептелген қаржы құралы ретінде халық арасында кеңінен қолданыс тапты. Ұлттық валютаның таяудағы девальвациясына қарамастан, «Қаржы орталығы» АҚ жаңа салым жүйесінің операторы ретінде жаңаша білім беру салымдарын тіркеуді жолға қойды. Олардың саны қазіргі таңда он мыңнан асады», - деп хабарлайды министрлік.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда сапалы және қолжетімді білімге қол жеткізуге барынша  жайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, білім беру салымына 5-7 пайыз аралығындағы мемлекеттік сыйақы да есептеледі. Бұл өз кезегінде өзге депозит түрлеріне қарағанда басты артықшылықтардың бірі болып табылады. Әлеуметтік әлсіз топтар осы орайда басымдылыққа ие. Сонымен қатар, 7 пайыз шамасындағы мемлекеттік сыйақыға да үміткер. Атап айтар болсақ, олардың арасында жетім балалар, мүгедек балалар, әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасы балалары мен көпбалалы үй балалары. Қалған салымшылар үшін мемлекеттің сыйақы құны 5 пайыз.

Мерзім соңына қарай жинақталған соманың шамамен 60 пайызы салымшының өз қаражаты болса, 25 пайызы банктік сыйақы, тағы 17 пайызы мемлекеттің сыйақысы болады. «Бұл дегеніңіз, аталмыш салым түрі арқылы жұрт білім алуға кететін шығын көлемін азайта алады», - деп хабарлайды БҒМ.

Сонымен қатар, ведомствоның хабарлауынша, мемлекеттік білім беру салымы жүйесі өткен жылдың желтоқсан айынан бастап «Темірбанк» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ мен «Цеснабанк» АҚ ашуға болады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар