- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да дуальды білім беру жүйесіне 3 мыңнан астам кәсіпорын қатысты
ҚР-да дуальды білім беру жүйесіне 3 мыңнан астам кәсіпорын қатысты
«Бүгінде 3225 кәсіпорынның қатысуымен дуальды білім беру жүйесінің элементтері 280 колледжге енгізілген және ол 21 009 студентті қамтыды. ТжКБ ұйымдары, облыстың Білім басқармасы, кәсіпорындар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аймақтық кәсіпкерлер палатасының арасында үшжақты және төртжақты меморандумға, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуда», - деп хабарлады БҒМ.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы ««Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдардың, жеке тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігі білім саласында көрініс табуы керек, деп атап өткен болатын.
Дәлірек айтсақ, Президент «Кәсіпорындарда екінші курстан бастап өндірістік тәжірибеден өтуді заңды түрде міндеттеуді» баса айтқан болатын. Орта және жоғары оқу орындарындағы білім жоспарының бағытын тәжірибелік қабілетті меңгеру бойынша және нақты біліктілікті алу үшін арнайы оқу бағдарламасын енгізу туралы айтқан еді.
Осы ретте ведомствоның мәліметі бойынша 2014 жылы дуалды білім беру жүйесі енгізілген колледждердің саны 104-ке артты. «Дуальды білім беру жүйесі енгізілген колледждермен кәсіпорындардың санының артуы студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізуге мүмкіндік беретінін дәлелдейді. Ал, кәсіпорында қосымша мамандарды даярлаусыз-ақ өзіне қажетті маманды дайындау мүмкіндігі туады», - деп атап өтті министрлікте.
2016 жылға қарай дуалды білім беру жүйесі 50%-ға артады, деп ведомстводан сендірді.
Сонымен қатар, заңнамалық базаны қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының білім мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралуда.
Камила Амирова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай