Атырау облысында мұнай тасымалдау 5 пайызға өсті

19 Желтоқсан, 2014 11:18
2014 жылдың қаңтар-қарашасында құбыр жолымен 60010,5 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2013 жылдың қаңтар-қараша айларынан 5%-ға артты, деп хабарлады Атырау облысының статистика департаменті.

2014 жылдың қаңтар-қарашасында Атырау облысы бойынша 133762,1 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2013 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 1,8%-ға артық.

2014 жылдың қаңтар-қарашасында автомобиль көлігімен 73751,6 мың тонна жүк тасымалданып, 2013 жылғы қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 0,6%-ға кем. Автомобиль көлігінің жүк айналымы 16689,8 млн. ткм, құбыр жолы – 32433 млн. ткм құрады. 2014 жылдың қаңтар-қараша айларында облыс көліктерімен 156923,9 мың жолаушы тасымалданды. 2013 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда автобустар арқылы жолаушылар тасымалы 3,7%-ға өсті. Көлік жолаушыларының айналымы 1131,4 млн. жкм құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-қарашадан 4,4%-ға артық.

Барлық жаңалықтар