- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда электрмен жабдықтау қуатын арттыру бағдарламасы толық шешілген-А.Есімов
Алматыда электрмен жабдықтау қуатын арттыру бағдарламасы толық шешілген-А.Есімов

Қосалқы станцияның ашылуы барысында қала әкімі Ахметжан Есімов бұл нысанның тек Түрксіб ауданы ғана емес, жалпы мегаполис үшін маңызды екендігін атап өтті.Жаңа қосалқы станция 1 және 2 категориядағы обьектілерді энергиямен қамтамасыз етеді, олар – әуежай, «Алматыэлектротранс» АҚ, «АЗМК» ЖШС, «Жұлдыз» ықшам ауданы және бірқатар өндіріс орындары мен жеке сектор.
Қалада соңғы 6 жыл ішінде 31 қосалқы станция қайта жасалып іске қосылды, олардың жалпы қуаты 3000 МВА. Өткен жылы «Бесағаш» ҚС кейін мегаполистің энергетикалық сақинасы ширай түскен еді. Осылайша, алдағы 20-25 жылға қуатты әрі сапалы элкетмрен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тауып отыр.
«Алтай» ҚС алты жыл ішінде мегаполисте пайдалануға берілген 31-ші объект, оның іске қосылуы Түрксіб ауданының дамуына жаңа импульс береді. Жалпы, қалада элкетрмен жабдықтау қуатын арттыру бағдарламасы толық шешілген», - деді Ахметжан Есімов.
Әкім келер жылы ескі «Түрксіб» ҚС ның орнына жаңа 32- інші станция іске қосылатындығын айтты, осылайша энергиямен жабдықтау бағдарламасы қалада толығымен жүзеге асатын болады. ҚС-ны модернизациялау мен қайта құру шведтік -швейцарлық «АВВ» (AseaBrownBoveriLtd.) компаниясының жабдықтары арқылы жүзеге аспақ, аталған компания электротехника, энергетика, машина жасау және ақпараттық технология салалары бойынша маманданған.
Алматыда энергетика саласын дамыту барысында көптеген игі шаралар атқарылуда. Мысалы, қалада жыл сайын 300 км электржелісі жаңартылып, 15 км. желі жаңадан салынды. Энергия кешенін модернизациялау бағдарламасы осылайша ойдағыдай орындалуда. Соның арқасында 7 желтоқсандағы қалың жауған қардың өзі еш апат әкелмеді. Қала әкімі қосалқы станциялардың сапалы әрі өте төзімді екендігін атап өтті.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты
-
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда
-
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары

