• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылордада «Даму» Қоры кәсіпорынға бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге серпін берді

Қызылордада «Даму» Қоры кәсіпорынға бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге серпін берді

19 Желтоқсан, 2014 09:48
«Даму» Қоры «Construction Тех Сервис» ЖШС-ға банкте несие рәсімдеуге 50 пайыздық кепілдік берді, деп хабарлады Қорда.

Қызылорда облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кепілдендірудің үшжақты келісіміне қол қойылды. Несиелік қаржыға компания арнайы қондырғы мен құбырларды жөндейтін арнайы автокөлік алу жоспарлап отыр. Арнайы қондырғыны ресейлік өндірушілерден алу жоспарланған.

Қорда хабарлағандай, компания 2007 жылы ашылды, ол «Construction Тех Сервис» ЖШС қызметі негіз болып отыр. Компания директоры Мақсұт Маханбетовтың  айтуынша, мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлік қызмет бизнестегі мүмкіндіктерін молынан қолдануға мүмкіндік алды.

Айта кетерлігі, жобаны жүзеге асыру мақсатында 66 жаңа жұмыс орны ашылады.

Барлық жаңалықтар