• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда студенттер арасында коньки тебу спорты бойынша II Әлем чемпионаты басталды

Алматыда студенттер арасында коньки тебу спорты бойынша II Әлем чемпионаты басталды

19 Желтоқсан, 2014 09:33
Алматыда кеше «Медеу» мұз айдынында 21 желтоқсанға дейін жалғасатын студенттер арасындағы коньки тебу спорты бойынша II Әлем чемпионаты басталды.

Чемпионатты ұйымдастырушылар хабарлағандай, дүбірлі дода FISU мен ISU (Коньки тебушілердің халықаралық одағы) техникалық талаптарына сай өткізіледі және ол Алматыда өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 алдындағы екінші халықаралық деңгейдегі тестілік жарыс болмақ. Төрт күн бойы 500, 1000, 1500, 3000, 5000, 10000 метр арақашықтықтағы жүлделер үшін жарыс қатарласа өткізіледі, сонымен қатар командалық жарыс пен масс-стартта өткізіледі.

Чемпионатта әлемнің 12 елінен келген командалар бақ сынауда: Қазақстан, Норвегия, Италия, Польша, Эстония, Беларусь, Ресей, Моңғолия, Финляндия, Нидерланды, Швеция, Қытайлық  Тайбэй. Барлығы жарысқа 77 атлет қатысады, олардың 40 бозбала, 37 бойжеткен. Айта кетерлік жайт, олардың ішінде Әлем чемпиондары мен 26-шы Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2013 жүлдегерлері бар, сонымен қатар  25 ресми өкіл.

Қазақстанның құрама командасында қатысушылар саны ең көп - 23. Ерлер командасына Федор Мезенцев, Максим Баклашкин мен Дарсиль Эссамамбо кірсе, әйелдер құрамасын Елена Урванцева мен Татьяна Сокирко таныстырады.

Барлық жаңалықтар