- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның еңбек ұжымдарына «Нұрлы жол» Жолдауы түсіндірілуде
ОҚО-ның еңбек ұжымдарына «Нұрлы жол» Жолдауы түсіндірілуде
Іс-сапар барысында республикалық ақпараттық топ мүшелері Оңтүстік-Қазақстан облысының мемлекеттік университетіне барды. Студенттермен кездескеннен кейін А. Мамытбеков облыс әкімшілігінде азаматтарды қабылдады.
А. Мамытбеков айтып кеткендей Мемлекет басшының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы бюджетке түсімнің азаюына ықпал ететін әлемдік экономиканың бәсеңдеп, шикізат ресурстарға бағаның құлдырау тұсында айтылды. Осы ретте, Жолдауда еліміздің тұрақты экономикалық дамуын сақтап әрі жоғарлатуға бағытталған бірқатар басты міндеттер белгіленді.
Мемлекет Басшысы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының өзегі болатын, жеті бағытты қамтитын Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жоспарын ұсынды.Ол орта және кіші бизнестік қолдау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысы, су және жылу құбыр жүйелері мен ТКШ модернизациялау, энергетикалық, индустриалдық, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.
Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша агроөнеркәсіп кешені саласы алдында үлкен міндеттер тұр. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында әсіресе тамақ өнеркәсібін дамытуды атай отырып, басталған бағдарды жалғастырудың қажеттілігін атап көрсетті.
Бұдан басқа отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту, тағам өнімдерін тұтыну мәдениетін және тамақ индустриясы саласында техникалық реттеуді дамыту, экспорт/импортты саудалық реттеуді жетілдіру, сондай-ақ білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды қызмет жалғаспақ.«Тағам өнімдері» бағытын қаржыландыру үшін Министрлік Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қажетті өзгерістерді енгізуді жоспарланып отыр.
Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпкерлікке жеңілдікпен кредит беру үшін тамақ және химия өнеркәсібіне, машина жасауға, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларға жеңілдікпен кредит беруге бағытталған 100 млрд. теңге бөлінеді.
Сондай-ақ, бүгін күні мемлекеттік органдардың басшыларымен парламент мүшелері Сарыағаш ауданындағы Абай ауылдық округымен Көктерек ауылына барып, ал 20 желтоқсан күні Шымкент қаласында жылыжайдық ашылу салтанатына қатысады.
-
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр