- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Жақсыбеков: Астана Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда көшбасшы болуы тиіс (Фото)
Ә.Жақсыбеков: Астана Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда көшбасшы болуы тиіс (Фото)
Астана әкімінің атап өтуінше, елорданың дамуы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында айтылған басты ережелерге негізделуі керек. Оның пікірінше, елорданың экономикалық дамуының маңызды кезеңдерінің бірі – оның өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне шығуы. 2014 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша Астананың мемлекеттік бюджет кірісі департаментінің желісі бойынша мемлекеттік бюджетке түсім 660 млрд. теңгеден асты, соның ішінде жергілікті бюджетке 150 млрд. теңгеге жуық аударылды.
«Экономикалық саясатты модернизациялау мәселелері өзекті болып қалады және қазіргі кезде оларды шешудің жаңа жолдарын іздеу қажет. Елорданың бизнес климаты тартымды болу керек, кәсіпкерлердің қызметі мен бизнесті жүргізу қауіпсіз және мемлекет тарапынан заңсыз араласудан қорғалған болу керек, бұл осы ведомствоның жұмысын дұрыс жолға қоюға байланысты болады. Астана Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда көш ілгері болу керек. Мұнда болып жатқанның барлығы мультипликативтік әсерге ие болуы шарт», – деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.
Астана қаласының мемлекеттік кіріс департаментінде мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, аталған мекеме қаланың экономикалық саясаттарының жаңа қағидаттарын жүзеге асыруда басты органдардың бірі болып табылады.
2015 жылы қалалық бюджет 335 млрд. теңгені құрайды, жеке табысы 160,8 млрд. теңгеден астам көлемде бекітілді, соның ішінде 90% жуығын салық түсімдері құрайды.
Астана әкімі Мемлекеттік кіріс департаментіне мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын жақсарту бойынша мәселелерді пысықтауды, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды. Қала басшысы Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалар Қазақстанның астанасының тұрақты дамуын жалғастыру үшін Мемлекеттік кіріс департаментінің жұмысына серпін беретіні сөзсіз екендігін атап өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді