- Басты
- Жаңалықтар
- «Парыз-2014» байқауына қатысуға биыл 584 кәсіпорын өтініш берді
«Парыз-2014» байқауына қатысуға биыл 584 кәсіпорын өтініш берді
«Биыл республикамыздың барлық өңірінен 584 кәсіпорын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Парыз-2014» байқауына қатысуға өтініш берді. 2013 жылы өтініш берушілер саны 534 болса, оның алдыңғы жылдары төмендегідей: 2012 жылы 525, 2011 жылы 509, 2010 жылы 434, 2009 жылы 321 кәсіпорын байқауға түссе, 2008 жылы бұл көрсеткіш 296 болған. Байқауға үміткер кәсіпорындар санының тұрақты артуы отандық компаниялар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларын қолданатынын көрсетіп отыр. Байқау ашылғалы бері 2,5 мыңға жуық шағын, орта және ірі кәсіпорындар қатысқан», - дейді комитет төрағасы.
Оның айтуынша, байқауға қатысушылар арасында Қостанай облысы тым белсенді. Мұнда «Парыз-2014» байқауына 69 кәсіпорын өтініш берсе, екінші орында ШҚО. Аталмыш облыстан 56 өтінім түскен, ал Павлодар облысындағы үміткер компаниялар саны 50.
Субъектілердің басым саны «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымы бойынша байқауға қатысты. Осы аталымнан үміттілер саны 261-ді құрады. Ал «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша 98, «Үздік ұжымдық шарт» бойынша 114, «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша 111 кәсіпорын бақ сынауда.
Айта кетейік, биыл «Парыз» байқауын өткізу бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтар болсақ, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» атты жаңа аталым енгізілді. Аталым жеке кәсіпкерлік субъектілерін, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін қауіпсіз жағдайларды жасауға ынтыландыру үшін енгізіліп отыр.
Бауыржан Мұқанов
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады