- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Нұрпейісова атындағы Ұлттық фольклорлық оркестрі Фонтенбло қалалық театрында концерт берді
Д.Нұрпейісова атындағы Ұлттық фольклорлық оркестрі Фонтенбло қалалық театрында концерт берді
«Қала Әкімі Фредерик Валлету мәдени, сондай-ақ барлық салаларда өңіраралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, концерт тамаша болды, ал Фонтенбло тұрғындары қазақстандық әртістерінің қойылымын жоғары бағалады», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, сондай-ақ номинациялар «Күй орындау өнері» және «Киіз үйді тұрғызудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері» номинацияларын адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізуіне орай 15 желтоқсанда Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде оркестрдің келесі қойылымы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға ЮНЕСКО жанындағы тұрақты делегациялары, ЮНЕСКО Хатшылығы, француз қоғамының мәдениет, білім және ғылым өкілдері, Франциядағы қазақ диаспорасы мен студенттер қатысты.
ЮНЕСКО Бас директорының Орынбасары Альфредо Перез Де Арминьян қазақстандықтарды ұлттық мерекесімен құттықтады.
Ол қазақ қасиетті дәстүрлері мен мәдениетін адамзаттың Репрезентативтік тізіміне алғаш рет енгізу қазақстандық қоғамның әлеуметтік өмірінде тілектестікті марапаттау мен өзара түсінушілікте ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Төтенше және Өкілетті Елші Нұрлан Дәненов өз сөзінде аталған шара Францияда Қазақстанның Мәдениет маусымы аясындағы соңғы бағдарлама екендігін және Франсуа Олландтың біздің елге сапары кезінде аталған шара нәтижелерін мемлекет басшылары жоғары бағалағандарын атап өтті. Мәдени іс-шаралар Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы аясында (2013-2022 жж.) Қазақстанның бастамасымен ЮНЕСКО қамқорлығымен ғаламдық жобаны насихаттауға зор үлес қосты.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды