- Басты
- Жаңалықтар
- KAZNEX INVEST 2014 жылы 128 млн доллар инвестиция тартты
KAZNEX INVEST 2014 жылы 128 млн доллар инвестиция тартты
«KAZNEX INVEST 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 128 млн доллар 8 шетелдік инветиция тартты. Бүгінде инвесторлардың қатысуымен 771 млн доллардың 20 жобасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Bohmer Armaturen (Германия), IsoPlus (Германия), Tines (Польша), Water Future Systems (Германия), Funke Kunststoffe (Германия), Knauf (Германия), PSA Peugeot Citroen (Франция), Toyota Motor Corporation (Жапония), NYK Line (Жапония), Philips (Нидерланды) компанияларының қатысуымен 65,3 млн долларға 10 жоба табысты жүзеге асырылды»,- деп хабарлады Қ.Карманов.
Жалпы, 2011 мен 2014 жыл аралығында Қазақстанға 30 шетелдік инвесторлар 830 млн доллардан астам қаражатты инвестициялаймыз деп шешті.
«Бүгінде агенттікте 770 млн доллар астам қаражатқа 20-ға жуық инвестициялық жоба қаралу барысында»,- деп толықтырды басқарма төрағасының орынбасары.
Қ.Карманов атап өткендей, ұзақмерзімді табысты жүзеге асырылған жобалардың бірі - Toyota. Сонымен, KAZNEX INVEST инвесторларды тарту бойынша жұмыстарды жүргізіп, жергілікті серіктес - «СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС тапты. Нәтижесінде аталмыш жоба үш жыл бойы жүзеге асырылып, ағымдағы жылы табысты іске қосылды.
Осындай табысты жобалардың бірі ретінде Knauf неміс компаниясының құрылыс материалдарын өндіру зауыты, PSA Peugeot Citroen жеңіл және коммерциялық көліктерді құрастыру, BoehmerGmbH шар тәрізді крандарды өндіру зауыттарын атап өтсе болады.
Камила Амирова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды