• Басты
  • Е.Ыдырысов Елбасына халықаралық істерге қатысты жыл қорытындысын баяндады
18 Желтоқсан, 2014 14:19

Е.Ыдырысов Елбасына халықаралық істерге қатысты жыл қорытындысын баяндады

Елбасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады.Кездесу барысында Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына халықаралық істерге қатысты жыл қорытындысын баяндады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Е.Ыдырысов Елбасына халықаралық істерге қатысты жыл қорытындысын баяндады | Strategy2050.kz

Қазақстан Президенті 2014 жылдың халықаралық шаралар кестесі тығыз болғанына тоқталды.

«Кездесулер мен іс-шаралардың көп болуының арқасында өзге елдердің Қазақстанға деген қызығушылықтары артып, олармен өзара тиімді ынтымақтастық дамып келеді. Біз қабылдап жатқан іс-қимылдарды әлемдік қоғамдастық қолдайды. Қазіргідей жағдайда халықаралық ахуалды Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастардың өрбуі мен жаһандық экономикадағы трендтер аясында үнемі саралап отыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентінің бастамаларына шетелдер тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталды.

«Сіз жариялаған «Нұрлы жол» саясаты әлемде жоғары бағаланып отыр. Ол қазіргідей күрделі жағдайда Қазақстанның тұрақты әрі орнықты дамуын қамтамасыз ететін жақсы бағдарлама ретінде қабылдануда. Біздің міндетіміз соны елдің сыртқы саясатының өзге де басым бағыттарымен бірге нақтылы жүзеге асыру болып саналады», – деді Е.Ыдырысов.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды