- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау мен Хьюстон бауырлас қалалар ретінде қарастырылуы мүмкін – СІМ
Атырау мен Хьюстон бауырлас қалалар ретінде қарастырылуы мүмкін – СІМ
Қазақстандық дипломат сұхбаттасын ҚР Үкіметі қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық жеңілдіктер туралы ақпаратты жеткізіп, Хьюстонда орналасқан компанияларды Елбасының «Нұрлы жол» атты жаңа индустриялдық бағдарламасы және «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды. Аталған жоспарларды іске асыру үшін 2015 жылы Хьюстон қаласының бизнес өкілдерін Қазақстанға сапарын ұйымдастыруын ұсынды.
Хьюстондағы қазақ диаспорасының саны жағынан АҚШ-тағы үшінші орындағы қауым екенін ескере отырып, мәдени қарым-қатынастардың одан әрі дамуы туралы сұрақтар талқыланды. Соның ішінде, екі елдің «мұнайлы астаналары» Атырау мен Хьюстонның бауырлас қалалар ретінде қарастырылуы ұсынылды.
«Кездесулердің қорытындысы бойынша, Хьюстон қаласының әкімі Анис Паркер ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығының атап өтілуіне орай, 2014 жылдың 16 желтоқсанын Хьюстондағы ҚР Тәуелсіздігі күні деп жариялады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында қазақстандық Елші АҚШ-тағы арнайы медициналық орталықтардың бірі - М.Д.Андерсон атындағы Онкологиялық орталығының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында, Қайрат Омаров ісік ауруларын ерте кезеңде анықтайтын ғылыми зерттеулермен таныстырылды. Кездесудің қорытындысы бойынша, тараптар аталған орталық мамандарының қазақстандық әріптестерімен кездесуін ұйымдастыру бойынша келісімге келді.
ҚР Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның құрметті консулы, «Шеврон» компаниясының Вице-президенті Дж. Прайор Техас штатынан сайланған конгрессмен Стив Стокманмен және американдық мұнай компанияларының басшыларымен іс-шара ұйымдастырды. Парламент мүшелері мен бизнес өкілдері тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, экономикалық реформалар және ұлтаралық бітімгершілікке қосқан үлесін ерекше атап өтті.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері