• Басты
  • 2015 жылы бүлдіршіндердің 77% мектепке дейінгі біліммен қамтылады - Білім министрлігі

2015 жылы бүлдіршіндердің 77% мектепке дейінгі біліммен қамтылады - Білім министрлігі

18 Желтоқсан, 2014 14:47
Қазақстанда 2015 жылы бүлдіршіндердің 77%, 2020 жылы 100% мектепке дейінгі біліммен қамтылады, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрлігі ведомство басшысы Аслан Сәрінжіповқа сілтеме жасай отырып.

«Мемлекет басшысының ««Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауында атап көрсеткендей, 2020 жылға дейін 3 пен 6 жас аралығында мектепке дейінгі біліммен 100%-ға қамту үшін 4153 мектепке дейінгі мекеме ашылады.  Бұл өз кезегінде 2015 жылы бүлдіршіндердің 77%, 2020 жылы 100% мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік береді», - деп сендірді министр.

2014 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша республика бойынша 8596 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Оларда 734,4 мың бала бар, 2013 жылмен салыстырғанда  60,6 мың орынға артық.

Айта кетерлік жайт, Оңтүстік Қазақстан облысында - 20,9 мың ең көп орын ашылды, Қызылорда облысында - 6,8 мың орын, Алматы облысында - 4 мың орын,  Алматы қаласында  - 13 мың орын. Жаңадан ашылған орындардың арқасында 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 3%, 3 пен 6 жас аралығында 4% көрсетті.

«Мемлекеттік тапсырысты жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге  республикалық бюджет есебінен орналастыру жекеменшік балабақшалар санын арттыруға септігін тигізуде. Нәтижесінде жекеменшік балабақшалар желісі 346 данаға артып, 1124 дананы құрады. Сонымен, мемлекеттік-жеке серіктестік есебінен 920 орынға арналған 8 балабақша ашылды», - деп хабарлады А.Сәрінжіпов.

Ведомвтодан хабарлағандай, тапшылық мәселесін шешу үшін білім беру саласында екі жоба жүзеге асырылу барысында. Солардың бірі Астанада 1440 орынға есептелген 6 балабақшаның құрылысы, олар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар