- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс ЕАЭО-ға Арменияның қосылуы туралы шартты мақұлдады
Мәжіліс ЕАЭО-ға Арменияның қосылуы туралы шартты мақұлдады
Халық қалаулылары «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлданды.
Бұл шарт 2014 жылғы 10 қазанда Минскіде жасалған.Шарт күшіне енген күннен бастап Армения Республикасы Еуразиялық Экономикалық одақтың мүшесі болады, сондай-ақ, аталған одақ құқығына кіретін Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған басқа халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерді алады.
Осы Шарт ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге өз халықтарының өмір сүру деңгейін арттыру, өткізу нарығын кеңейту, сондай-ақ, Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің имиджін арттыру мүддесінде экономикалардың тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, осы күні мәжілісмендер тарапынан «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы заң жобасы да оң бағасын алды.
Жалпы отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен САШҰ арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің операциясын қолдау үшін жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы Келісім мен Шартты ратификациялауға, сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс және арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобалары жұмысқа қабылданды.
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы