- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 320 орындық балабақша ашылды
Ақтөбе облысында 320 орындық балабақша ашылды
18 Желтоқсан, 2014 12:19
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының орталығында 320 орынға есептелген жаңа балабақша ашылды, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
«Самал» балабақшасы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды және заманауи техникамен жабдықталған. Сондай-ақ, білікті мамандармен қамтылған.
ІСБ атап өткендей, бүгінде Мұғалжар ауданында балабақша кезегінде 1149 бүлдіршін тұр, оның 600 - аудан орталығы Қандыағашта. «Самал» балабақшасының ашылуы кезекті айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.
Болашақта аудан орталығында 350 орынға есептелген тағы екі балабақшаны салу және 50 орынға арналған мектептердің жанынан екі шағын орталықты ашу көзделген. Оның үстіне келер жылы аталмыш ауданда 600 балаға арналған мектептің құрылысы, Эмба қаласында 320 орынға есептелген балабақшаның құрылысы басталады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары