Қызылордада БЖК бағдарламасы бойынша ойын-сауық кешені ашылды

18 Желтоқсан, 2014 11:17
Қызылордада «Арай» ойын-сауық кешенінің ашылуы өтті, онда 1000 орындық аквапарк бар, деп хабарлады «Даму» Қоры.

Нысан «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Демалыс орнында 1000 орындық аквапарк бар. 1500 адамға арналған ойын павильоны, 400 адамға арналған мейрамхана да орналасқан. Жобаның құны 2 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 800 млн теңгесі жылдық 14 пайызбен несиеге берілді, қайтарым құны 7 пайыздық соманы құрайды.

«Арай» кешенінің салтанатты ашылуына «Мелиоратор»  ЖШС балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық шарасын өткізді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев азаматтарды кешеннің ашылуымен құттықтап, көңілді уақыт өткізуді тіледі.

Мемлекеттік қолдау аясында «Арай» аквапаркінде 60 жаңа жұмыс орны ашылды, компания басшылығы Бердібек Мыхановтың  айтуынша, кешеннің барлық нысаны тапсырылғаннан кейін жұмыс орны 100-ге жетеді. 

Барлық жаңалықтар