- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 1200 отбасы пәтерге ие болды
Алматы облысында 1200 отбасы пәтерге ие болды
Бағдарламаға қатысушылар арасында мемлекеттік қызметшілер, көп балалы отбасылар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы және басқа да санаттағы азаматтар бар.
Жаңа пәтер иелерін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Самұрық Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов және «Элитстрой Групп» ЖШС президенті Қайрат Оразбеков құттықтап, кілттерді табыстады.
« Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа кезекті Жолдауында инфрақұрылымдардың, тұрғын үй құрылысының әрі қарай дамуына жаңа серпін берді. Ағымдағы жылғы 11 айда облыста жалпы көлемі 670,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Алдағы уақытта да қоныс тойын тойлаушылар қатары көбейетін болады», - деді облыс әкімі А.Баталов өз сөзінде.
Лента қию және шашу жоралғысынан кейін салтанатты шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. «Асыл Арман» кешені тоғыз қабатты 21 үйден тұрады, жалпы алаңы 320 мың шаршы метрден астам, оның ішінде тұрғын алаңы – 260 207 ш.м. Осы жоба шеңберінде жалпы есебі бір, екі және үш бөлмелі 5088 пәтер құрылыс жүргізу жоспарланған, олардың алаңдары 32,7 шаршы метрден 71,3 мың шаршы метрге дейін болмақ.
2014 жылы бірінші кезектегі 9 үй - 2328 пәтер пайдалануға берілді. 2015 жылдың бірінші жартысында қалған 2760 пәтерге жаңа иелері қоныстанатын болады. Пәтерлерді өткізу ісін ҚР Үкіметінің қаулысымен осы аймақ үшін белгіленген баға бойынша Қор жүргізеді. Яғни әрлеу жұмыстары аяқталған үйдің әр шаршы метрі 180 мың теңгеден аспайтын, ал жалға алу арқылы сатып алу кезінде ай сайынғы төлем шаршы метрі үшін 1 600 теңгеге жуықты құрайды. Қордың шарттарымен тұрғын үйге қол жеткізе алмағандар құрылыс жүргізушіден қолайлы шарттармен тікелей сатып ала алады.
«Асыл Арман» кешені мемлекеттік – жеке меншік серіктестігі аясында «Самұрық Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «Элитстрой» компаниясы бірлесіп тұрғызды. Мұндағы Жылжымайтын мүлік қорының қатысу үлесі – 80 %. Жобаға салынған инвестиция 40 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады. Тұрғын үй кешенін салу кезінде 3 мыңға жуық адам жұмысқа тартылды.
Магистралды инженерлік коммуникация құрылысын Қарасай аудандық әкімдігі мен «Самұрық Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 млрд. теңгеден астам мемлекеттік инвестиция есебінен жүргізді. Осы қаржыға кешенге арналған қазандық, су бөгеті имараты, электрмен, сумен қамту, су және газ құбырылары желілері салынды.
Аумағында балалар алаңы жасалып, ағаштар отырғызылған, көлік қоятын орындар белгіленген, сөйтіп, 18 мыңға жуық тұрғын үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет