Қарағанды облысының ТЖД-де жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тобы жұмыс істеуде

18 Желтоқсан, 2014 10:48
Қарағанды облысы ТЖД бастығының жаныңдағы кеңес отырысы барысында департамент және оған қарасты мемлекеттік ұйымдарда жемқорлыққа жол бермеу мәселелері талқыланды.

ТЖД хабарлағандай, жемқорлық және жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардын алдын алу шаралары Департамент және оның бөлімшелерінің ең басты міндеттерінің бірі болып саналады. Соған байланысты Департаментте жемқорлықсыз заңнаманы ұстану, мемлекеттік қызмет заңнамасы, құқық қорғау қызметі туралы, әскери қызмет және ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі үшін жоспарланған және қосымша алдын алу шаралары кезекті түрде өткізіледі.

Қызметкерлердің жеке бас жауапкершілігі және бүкіл деңгейдегі бастықтардың қағидатында құрылған жемқорлыққа қарсы біріккен бағыт қалыптастырылды. Бұның барысында қызметкерлер өз лауазымдарынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл ереже басшылық құрамының лауазымдық міндеттерінде бекітілген.

Департаменттің әкімшілік ғимараты және барлық бөлімшелерінің ішінде бастықтардың жеке сұрақтар бойынша қабылдау кестелері және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың үндеуі жайлы ақпарат орналасқан.

Жемқорлықтың білінуі жайлы ақпаратты жинау үшін сенім телефоны және электрондық пошта қызмет етеді.

Департамент ғимаратының баршаға көрінетін жерде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар Департамент қызметкерлерінің заңсыз істері жайлы арыздары мен үндеулері үшін арнайы жәшік ілулі тұр.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің іс-шараларына заңсыз қатысу деректерін жоққа шығару мақсатында «ашық терезе» қағидаты орналастырылып, орындаушы мен мәлімдеуші арасындағы байланыс ықшамдалды. Арыздардың талқылау мерзімі бұзылуының рұқсат етілмеуі мақсатында үндеулер мен арыздардың талқылау мерзімі Департамент басқармасы мен құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерінің үнемі бақылауында болып табылады.

Тәртіп және жемқорлыққа қарсы заңнаманы талап ету ұстанудың бекітілуі үшін прокуратура, сот, қаржы полиция, «Нұр отан» партиясы өкілдерінің мүшелері қатысуымен семинар, дәріс және «дөңгелек үстел» түрінде іс-шаралар өткізіледі.

Жемқорлыққа қарсы заңнаманы ұстану бақылауы мақсатында Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасымен Департамент қызметкерлері жөнінде салыстыру жасайды.    

2013 және 2014 жылдың өтілген мерзімі бойынша Департамент және оған қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыс тіркелген жоқ.

Кеңес мүшелері баяндамашылардың қарастырылып жатқан мәселе бойынша берген ақпаратын еске алып, кейінгі жұмысты белсендірі бойынша, соның ішінде, ҚР 2011-2015 жж. Жемқорлыққа қарсы салалық бағдарлама жоспарының іске асыруы бойынша сәйкес ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

 

Барлық жаңалықтар