• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында ҮИИД МБ аясында жылына 1,5 мың тонна өнім шығаратын балық зауыты ашылды

Жамбыл облысында ҮИИД МБ аясында жылына 1,5 мың тонна өнім шығаратын балық зауыты ашылды

18 Желтоқсан, 2014 09:47
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев жұмыс сапарымен Мойынқұм ауданында болып, жаңа балық зауытының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жаңа балық зауытының қуаты жылына 1,5 мың тонна балық өнімдерін шығарады. Аталған жоба мемлекеттік үдемелі индустриалды инновациялық жоба шеңберінде іске асырылуда. Жобаның жалпы құны 600 млн. теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда зауытта 200 адам жұмыс жасауда. 

Аталған нысан өзен жағалауы бекіністері, Шу өзені түбін тазалау және жақын жерде орналасқан елді мекендерді су басудан қорғау мақсатында соғылған болатын. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталып, оған 373 млн. теңге қаржы бөлінді.

 

 

Барлық жаңалықтар