Қызылордалық полиция қызметкерлері 49 автокөлікке ие болды (Фото)

18 Желтоқсан, 2014 09:17
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп, сап түзеген қызылордалық полицейлерге 49 дана «УАЗ» маркалы автокөліктердің кілтін табыс етті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыспен күресте полиция қызметкерлерінің аянбай еңбек етіп жүргенін көрсетіп, бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Биылдың өзінде ішкі істер департаментінің матералдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 99 дана автокөлік бөлініп отыр. Яғни, қазан айының 17 күні Тағзым алаңында облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен 50 дана «УАЗ-31519» шассиіндегі арнайы патрульдік автокөліктер, 36 дана автокөліктегі транкингтік радиостанциялар және 50 дана бейнетіркеуіштер сатып алынып, салтанатты түрде табысталса, бүгін қосымша тағы да 49 дана автокөлік бөлінді. 

Автокөлік кілтін табыстау рәсімі одан әрі салтанатты шеруге ұласты. Ішкі істер органдарының жеке құрамының шеруін су жаңа қызметтік көліктердің шеруі жалғастырды.

Барлық жаңалықтар