ТМД мемлекеттері бізді көшбасшы ретінде таниды – Ө.Озғанбаев (Видео)

17 Желтоқсан, 2014 15:31
Қай мемлекет үшін де ең ұлық мереке – Тәуелсіздік мерекесі. 23 жылдық тәуелсіздіктегі Қазақстанның даму бағыты еркіндіктің құнын еселей түсті, дейді тарих ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбаев Тәуелсіздік мерекесіне орай Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлем танитын мемлекет болып қалыптасты. Қазақ халқы тәуелсіздіктің қадірін ерекше біледі. Бүгінгі мереке сіз бен біздің және тұтас ұлттың арман еткен күні», - дейді академик.

Оның айтуынша бүгінде Қазақстанды әлем елдерінің мойындап отырғанын былай қойғанда, мұхиттың ар жағындағы Америка мемлекеті елімізді стратегиялық әріптесіміз деп таниды. Ал Еуропа елдері Қазақстанның қалыптасқан мемлекет екенін мойындайды. Ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бізді көшбасшы тұтады.

Бауыржан Мұқанов 

Барлық жаңалықтар